Қазақстандық кәсіпорындар энергетикалық жобалар қытайлық мердігерлердің бақылауына өткеннен кейін Көкшетаудағы жаңа ЖЭО құрылысына ғана 100 млрд теңгеден астам тапсырыс ала алады. Бұл туралы «Самұрық-Энерго» басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов мәлімдеді.
Оның айтуынша, металл конструкцияларын, құбыр өнімдерін, кабельдерді, өткізгіш өнімдерін, электротехникалық жабдықтарды және қазандық қондырғыларының элементтерін жеткізу туралы сөз болып отыр.
Қазақстандық қамту үлесі 30%-ға дейін жетуі керек деп ойлаймын.
Бұған дейін Көкшетау, Семей және Өскемендегі жылу электр орталықтарын Ресеймен бірлесіп салу жоспарланған болатын. Алайда қазір жобалар қазақстандық-сингапурлық консорциумның қатысуымен іске асырылуда, ал станцияларға арналған негізгі жабдықтар ҚХР-дан жеткізілетін болады.
Айта кетейік, консорциумның қатысуымен үш ЖЭО 700 млрд теңгеге бағаланады, бұл Ресеймен бірге құрылыстың бұрынғы бағалауынан (1,26 трлн теңге) екі есеге жуық арзан.