Satbayev University-де қоршаған ортаның механикалық тербелістерін электр энергиясына түрлендіргіш әзірленуде

Satbayev University зерттеушілері қоршаған ортаның механикалық тербелістерін электр энергиясына ықшам түрлендіргішін әзірлеуде. Жоба жасыл технологияларды дамытудағы маңызды қадам болып табылады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ғалымдар ондаған герцтен бірнеше жүз герцке дейінгі диапазонда жұмыс істейтін түрлендіргіш жасағысы келеді.

Біз механикалық тербелістерді электр энергиясына тиімді түрлендіретін және автономды қуат көзі ретінде пайдаланылатын құрылғыны жасаумен жұмыс істеп жатырмыз. Бұл қашықтағы аймақтардағы IoT-датчиктерінің үздіксіз және сенімді жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Албанбай Нұртай, жоба жетекшісі

Ведомствоның мәліметінше, құрылғының ішінде катушка мен магниттердің салыстырмалы қозғалысы кезінде электр сигналы пайда болады. Инженерлер жүйені әртүрлі діріл кезінде тұрақты жұмыс істеу үшін реттейді.

Жобаны іске асыру кезеңдері:

  • құрылғы схемасын әзірлеу
  • 3D-модель мен математикалық модельді құру
  • тәжірибелік үлгіні дайындау
  • стендтегі эксперименттер

Стендтік сынақтардан кейін әзірлеушілер қажетті параметрлері бар соңғы прототипті таңдайды. Кейінірек олар түрлендіргішке патент алуды жоспарлап отыр.

Қазір басты бетте

Politsiya Aqtóbe oblysynyń trassalaryn dronmen baqylay bastady

Politsiya Aqtóbe oblysynyń trassalaryn dronmen baqylay bastady

Ushqyshsyz apparattar qarsy jolǵa shyǵýdyń 600-den astam jaǵdayyn tirkedi

Sapar робот-жолсерігі жолаушыларға спутниктік интернетке қосылуға көмектесті

Sapar робот-жолсерігі жолаушыларға спутниктік интернетке қосылуға көмектесті

Жолаушылар пойызының цифрлық экожүйесі Астанада таныстырылды

Қостанайда 8,5 мыңнан астам BELARUS тракторы құрастырылды

Қостанайда 8,5 мыңнан астам BELARUS тракторы құрастырылды

"MTZ-Kazakhstan" кәсіпорнында локализация деңгейі 30%-ға жетті

АРРФР Қазақстандағы банктердің жұмысын бақылауды күшейтеді

АРРФР Қазақстандағы банктердің жұмысын бақылауды күшейтеді

Реттеуші деректер витринасын әзірлеуді ұсынды

Jasandy intellektke ıe robot-ittter Astana kóshelerine shyqty

Jasandy intellektke ıe robot-ittter Astana kóshelerine shyqty

Tórt ayaqty mashinalar qoǵamdyq oryndarda qaýipsizdikti qamtamasyz etýge kómektesedi