Фермерлерге қызмет ететін жасанды интеллект: Yessenov University-де жануарларды бақылау жүйесі ойлап табылды

Yessenov University ғалымдары ауыл шаруашылығы жануарларының мінез-құлқын және физиологиялық жағдайын интеллектуалды бақылау жүйесін әзірледі. Бұл туралы Қазақстан Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ғылыми жобаға Белгород мемлекеттік ұлттық зерттеу университеті профессорының қатысуымен «Компьютерлік ғылымдар және жасанды интеллект» факультетінің студенттері қатысты. Олар компьютерлік көру модулі бар жем таратқышты, стационарлық бейнебақылау жүйесін, жануарлардың жағдайын талдауға арналған жылжымалы роботтық платформаны ұсынды.

Мақсат – физикалық байланыссыз физиологиялық және мінез-құлық параметрлерін автоматтандырылған талдауды қамтамасыз ететін компьютерлік көру, жасанды интеллект және робототехника технологиялары негізінде жануарларды бақылаудың цифрлық платформасын әзірлеу.
Қазақстан Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі

Осы әзірлеме арқылы ғалымдар Маңғыстау облысындағы мал шаруашылығындағы шектеулер мен өндірістік тәуекелдерді еңсеруді жоспарлады.

Жүйе жануарларды бақылау деректерін келесі параметрлер бойынша автоматты түрде талдайды:

  • қозғалыс белсенділігі
  • жемді тұтыну
  • топтағы мінез-құлық
  • стресс белгілері
  • физикалық жағдайдың өзгеруі

Yessenov University ғалымдары жүйені өндірістік жағдайда сынақтан өткізді. Ол фермерлерге деректерге негізделген шаруашылықты басқару моделіне көшуге көмектеседі деп күтілуде.

Қазір басты бетте

Алматыдағы WCMSE–2026 конгресінде механика мен робототехникадағы озық жетістіктер талқыланды

Алматыдағы WCMSE–2026 конгресінде механика мен робототехникадағы озық жетістіктер талқыланды

Іс-шара 18 елден келген ғалымдар мен өнеркәсіп өкілдерінің басын қосты

Шағын байланыс операторлары ауылдарда Kazakhtelecom желілеріне қол жеткізеді

Шағын байланыс операторлары ауылдарда Kazakhtelecom желілеріне қол жеткізеді

«VOLS SNP 1.0» жобасы 2020 жылы Transtelecom қолдауымен жүзеге асырылды

Су сіңіргіштігі 35%-ға төмендеп, беріктігі шамамен 50%-ға артты: ғалымдар жол асфальтының қасиеттерін жақсартудың жолын тапты

Су сіңіргіштігі 35%-ға төмендеп, беріктігі шамамен 50%-ға артты: ғалымдар жол асфальтының қасиеттерін жақсартудың жолын тапты

Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде түрлендіруші қоспалар әзірленді

Қазақстандықтар Алматыда өткен Fizmat AI Olympiad-та үздіктер қатарына енді

Қазақстандықтар Алматыда өткен Fizmat AI Olympiad-та үздіктер қатарына енді

Жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиаданың финалына 15 елден мектеп оқушылары қатысты

Kraken Қазақстанның цифрлық активтер нарығына шығады

Kraken Қазақстанның цифрлық активтер нарығына шығады

Криптобиржадағы тәуліктік сауда-саттық көлемі шамамен $1,3 миллиардты құрайды

Қазақстанда 2026 жылдың соңына дейін үшінші суперкомпьютер іске қосылады

Қазақстанда 2026 жылдың соңына дейін үшінші суперкомпьютер іске қосылады

Тоқаев билікті цифрлық экономикаға көшуді қамтамасыз етуге шақырды