Алматылық оқушылар FIRST робототехника чемпионатында жеңіске жетті

Алматылық оқушылардан құралған Alem Innovators командасы FIRST робототехника чемпионатында жеңіске жетті. Шара Астанада өтті, деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

FIRST LEGO League Explore (6-9 жас) санатында Alem Innovators командасы Champions Award Winner жүлдесін жеңіп алды. Балалар Қазақстанды АҚШ-тағы FIRST финалында таныстырады.

Турнирге әлемнің 7 елінен 3 мыңнан астам оқушы қатысуда. Алматыдан Kazbots және Alash командалары да өнер көрсетеді. Қазылар алқасы әлі басқа жас санаттарындағы жеңімпаздарды жариялаған жоқ.

Тақырып бойынша басқа материалдарды оқыңыз: