Қазақстанның Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің басшылығымен өткен жұмыс тобының мүшелері Qajet такси шақыру сервисіне қазақстандық картографиялық деректерді енгізу мәселесін талқылады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Кеңесте картографиялық ақпаратты тұрақты түрде жаңартып отыру мәселесі көтерілді. Министрлікте әңгіме «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» ШЖҚ РМК (Қазгеодезия) цифрлық карталары мен сервистері туралы болып отырғанын түсіндірді. Бұл бастама отандық навигациялық технологияларды дамытуға бағытталған.
Бұл отандық геосервистерді жолаушылар тасымалының нақты сценарийлерінде сынақтан өткізуге және оларды одан әрі ауқымдандыру мүмкіндіктерін бағалауға мүмкіндік береді.
Интеграторлар сонымен бірге мекенжай бойынша іздеуді, геокодтауды және маршруттауды дамытуды жоспарлап отыр.
Цифрлық карталар экожүйесі тек Qajet үшін ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік органдарға, іскер ортаға және қазақстандықтарға да қолжетімді болады. Болашақта бұл шешімдерді такси агрегаторлары, жеткізу және логистика қызметтері қолдана алады, деп қорытындылады министрлікте.