Қазақстанда Stadler вагондары бар алғашқы пойыз қатынай бастады

Жылжымалы құрам климат-бақылау және бейнебақылау жүйелерімен жарақтандырылуда

Толықтай заманауи Stadler вагондарынан құралған жолаушылар пойызы 11 қарашада Астанадағы «Нұрлы жол» теміржол вокзалынан жолға шықты. Жылжымалы құрам Stadler Kazakhstan компаниясының зауытында швед технологиялары бойынша құрастырылды. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ұлттық тасымалдаушысының баспасөз қызметі хабарлады.

Stadler вагоны
Stadler вагоны Сурет дереккөзі: ҚТЖ баспасөз қызметі
Вагондар күн сайын № 3/4 «Нұрлы жол – Алматы-2» пойызының құрамында қатынайтын болады. Астанадан жөнелтілуі — 13:10-да, Алматыға келуі — келесі күні 08:30-да.
ҚТЖ баспасөз қызметі

Журналистерге вагондардың ішкі көрінісі көрсетіліп, жолаушыларға арналған жағдайлар туралы айтылды.

Stadler вагондарының ерекшеліктері:

  • –50-ден +45 градусқа дейінгі температурада пайдалану
  • Қызмет ету мерзімі — 40 жыл
  • Купе вагондарының жолаушы сыйымдылығы — 40 орын
  • Плацкарт вагондарының жолаушы сыйымдылығы — 58 орын
  • Қозғалысы шектеулі жолаушыларға арналған қолайлылық
  • Пойыз құрамында буфеті бар вагон қарастырылған

Жылжымалы құрам климат-бақылау және бейнебақылау жүйелерімен жарақтандырылған. Жолаушылардың қолайлылығы үшін жеке жарықтандыру және багаж аймақтары қарастырылған.

Сурет дереккөзі: ҚТЖ баспасөз қызметі
Сурет дереккөзі: ҚТЖ баспасөз қызметі
Сурет дереккөзі: ҚТЖ баспасөз қызметі
Сурет дереккөзі: ҚТЖ баспасөз қызметі

Stadler вагондарынан құралған келесі құрам 13 қарашада «Нұрлы жол – Семей» бағытына шығады. Қазір «Жолаушылар тасымалы» компаниясының паркінде 100-ден астам Stadler вагоны бар. Келісімшарт талаптарына сәйкес, 2030 жылға дейін 557 жолаушылар вагоны жеткізіледі.