ЖИ қазақстандық фермерлерге көмектеседі: Ualikhanov University студенттері Sator талдамалық платформасын әзірледі

Бағдарлама ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін болжайды

Ualikhanov University Data Science білім беру бағдарламасының студенттері егіс алқаптарының жай-күйін бағалау және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін болжау үшін жасанды интеллект (ЖИ) негізіндегі Sator платформасын әзірледі. Бұл туралы Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жоба National Founder Cup Astana 2026 стартаптар байқауында таныстырылып, бірінші орынды иеленді. Қазылар алқасы студенттердің инновациялық тәсілін және аграрлық сектор үшін практикалық пайдасын атап өтіп, Sator платформасын жоғары бағалады. Байқауға барлығы 16 команда қатысты.

AgroMind-тан Sator-ға дейін

2026 жылдың мамырында студенттер AI Sana бағдарламасы аясында ұйымдастырылған жасанды интеллект саласындағы жобалардың университеттік байқауында AgroMind атты өз әзірлемесін таныстырып, бірінші орынға ие болды.
Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі

Бағдарламашылар жобаны дамытуға 1,5 млн теңге алды. Әзірлеушілер технологиялық шешімді жетілдіріп, оған жаңа атау берді - Sator.

Sator не істей алады:

  • жерсеріктік мониторинг деректерін, метеорологиялық көрсеткіштерді, топырақ сипаттамаларын, статистиканы біріктіру
  • ЖИ алынған ақпаратты талдап, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігіне болжам жасайды

Алгоритм фермерлерге жұмыстарды жоспарлауға, тәуекелдерді бағалауға, тиімді басқару шешімдерін қабылдауға көмектеседі.

Студенттер Sator-ды 178 жер телімінің деректері негізінде сынақтан өткізіп үлгерді. Әзірлеушілер платформаны шаруашылықтарына енгізу бойынша аграршылармен келіссөздер жүргізуде. 2027 жылы жоба ауқымы кеңейтіліп, машиналық оқыту алгоритмдері жетілдіріледі және нарыққа шығарылады.