Қазақстан үкіметінің алдында стратегиялық міндет тұр: 2029 жылға қарай тұрақты энергия профицитіне қол жеткізу. Бұл соның ішінде атом электр станцияларының құрылысы арқылы мүмкін болады, деп мәлімдеді республика президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында.
Тоқаев 2024 жылғы қазанда өткен референдумда қазақстандықтар АЭС құрылысы туралы дұрыс шешім қабылдағанын еске салды.
Оларды уран шикізатымен, мәселен, елу жылдан кейін және одан әрі қалай қамтамасыз ететініміз туралы қазірдің өзінде ойлану керек.
Ол мемлекеттік стратегиялық уран резервін құруды ұсынды. Мұндай шикізат пулы алдағы 100 жылға атом нысандарының қажеттіліктерін өтейді, деп толықтырды мемлекет басшысы.
Келесі жылы-ақ «Балқаш» АЭС құрылысына кірісуді және «Мойынқұм» АЭС құрылысын мейлінше тез бастау мақсатында кешенді ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюды мүмкін деп санаймын.
Тоқаев АЭС құрылысына қатысатын шетелдік серіктестерді Қазақстанда жоғары технологиялық өндірістер құруға жұмылдыруға шақырды. Бұдан бөлек, ядролық энергетика саласындағы құзыреттерді беруді және қазақстандық атомшыларды даярлауды қамтамасыз ету қажет.
Тиісті ұсыныстар Ресей мен Қытайдан түсіп жатыр, деп атап өтті президент. Қазақстан билігі оларды мұқият талдап, ұлттық мүдделерді ескере отырып әрекет етеді, деп түйіндеді Тоқаев.