IT-медицина, иммунобиологиялық препараттар биотехнологиясы: Қазақстанда жаңа білім беру бағдарламалары енгізілді

ҚазҰУ-да «Медицинадағы ЖИ» монографиясы дайындалды

Қазақстанда жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бойынша 760 білім беру бағдарламасы тіркелді, оның ішінде төртеуі инновациялық: «Кинезитерапия», «ІТ-медицина», «Фармация және иммунобиологиялық препараттар биотехнологиясы» және «Мейіргер ісі ғылымы». Бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсы хабарлайды.

Елімізде дәрігерлердің практикалық дайындығы күшейтілуде. Атап айтқанда, базалық медициналық білімге, бейіндік дайындыққа және тереңдетілген интернатураға негізделген модель енгізілуде. Мұндай әдістеме Дүниежүзілік медициналық білім беру федерациясы мен Еуропа мемлекеттерінің стандарттарына сәйкес келеді.

Сондай-ақ болашақ дәрігерлердің практикалық дайындығы күшейтілуде: симуляциялық орталықтарды жарақтандыру нормативтері енгізіліп, олардың ұлттық желісі қалыптасуда.
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсы 

Денсаулық сақтау саласына ЖИ-технологиялар да интеграциялануда. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде (ҚазҰУ) медицинадағы ЖИ орталығы ашылды. Жоғары оқу орнында «Медицинадағы ЖИ» монографиясы әзірленді.

Қазақстандық әзірлеушілер қала ауқымындағы медициналық деректерді – жүгінулерді, диагноздарды, эпидемиологиялық жағдайды талдайтын ЖИ-модель дайындап жатыр. Жаңа құрал болжауға, тәуекелдерді анықтауға көмектеседі және денсаулық сақтау жүйесіндегі басқаруды жақсартады.