Қазақстанның ұлттық құрамасы Инчхонда (Оңтүстік Корея) өткен FIRST Global Challenge 2026 спорттық робототехника бойынша халықаралық чемпионатта төртінші орын алды. Бұл туралы республиканың Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
FIRST Global Challenge 2026 алаңында әлемнің 185 елінен инженерлер жиналды. Қазақстандық мектеп оқушылары 11 іріктеу матчында жеңіске жетіп, плей-офф кезеңіне шықты. Жарыс қорытындысы бойынша олар әлемдік рейтингте 4-орынға ие болды.
Министрліктің баспасөз қызметі республика өкілдерінің жоғары деңгейдегі дайындығын, үйлесімділігі мен командалық жұмысын көрсеткенін атап өтті.
Алдыңғы төрт жыл бойы Қазақстан құрамасы FIRST Global Challenge жеңімпазы атанып келген еді. Биылғы нәтиже отандық мектеп оқушыларының халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Команда құрамында Алматы қаласындағы №92 мектеп-лицейі мен №159 гимназиясының жоғары сынып оқушылары болды. Құрамаға іріктеу Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен және USTEM Foundation қоғамдық қорымен бірлесіп өткізілді.