Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Halyk Bank агроөнеркәсіптік кешеннің (АӨК) деректерінің бірыңғай цифрлық контурын қалыптастыру үшін Halyk Farmer цифрлық платформасын әзірлеуде. Бұл туралы бейінді ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Halyk Farmer мал басын есепке алу, мәмілелер және салалық талдау туралы деректерді біріктіреді. Бұл саладағы ашықтықты арттырып, қазақстандық фермерлерге жаңа мүмкіндіктер береді.
АӨК-ті цифрлық трансформациялау – ең алдымен қадағалау, деректер сапасы және сенім.
Жаңа платформа АӨК-ті одан әрі цифрландыруға, оның ішінде мемлекет пен бизнес үшін жаңа цифрлық сервистерді енгізуге көмектеседі.
Қазақстан Үкіметі ауыл шаруашылығына цифрлық құралдарды белсенді түрде енгізуде. 2028 жылдың соңына дейін Бірыңғай мемлекеттік субсидиялау ақпараттық жүйесін, спутниктік деректер негізінде ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды пайдалануды бақылауға арналған платформаны, аграрлық маркетплейстерді біріктіретін E-АӨК мега-платформасы пайда болады.