Қазақстанда экономика әртараптандырылып, ірі торапты құрастырудан жоғары қайта өңделген өнімдерді шығаруға көшу жүзеге асырылуда. 2026 жылдың басынан бері республикада 96 мыңнан астам автомобиль шығарылды. Бұл туралы Премьер-Министрдің ресми ақпараттық ресурсы хабарлайды.
Өндіріс өсімі барлық сегменттерде тіркелді:
- жеңіл автомобильдер (+37,2%)
- автобустар (+27,6%)
- арнайы техника (+45,1%)
Бұл ретте ұсақ торапты құрастыру үлесі 28,3%-ға жетті. KIA Qazaqstan (Қостанай қ.) және Astana Motors Manufacturing (Алматы қ.) толық циклді зауыттарын іске қосу арқасында жеңіл автомобильдер өндірісінің көлемі жылына 90 мың бірлікке артады. Сонымен қатар, олардың өнімдері үшін шиналар, аккумуляторлар, орындықтар және мультимедиа шығару жолға қойылды.
Машина жасау ел ішіндегі күрделі өндіріске көшудің бір мысалы болып отыр – 7 айда сала 22%-ға өсіп, 3,2 трлн теңгенің өнімін шығарды.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығына арналған техника шығаратын кәсіпорындардың қуаттылығы артуда. Қазір бұл секторда 10 қазақстандық зауыт жұмыс істейді, олар ішкі нарықтың тракторлар мен комбайндарға деген қажеттілігін 90%-ға қанағаттандырады.