Қазақстан Үкіметі Digital Qazaqstan стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекітті. Қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Жоспар қандай бағыттарды қамтиды:
- білім беруде жасанды интеллектті жаппай енгізу (2029 жылға қарай мектеп, колледж және жоғары оқу орындарының түлектерінің 80%-ы ЖИ-мен жұмыс істеудің базалық дағдыларына ие болуы тиіс)
- денсаулық сақтауда деректерді басқарудың бірыңғай жүйесіне көшу (медициналық self-service қызметтерін пайдаланатын азаматтар санының артуы)
- қалалық ортаның қауіпсіздігі мен жайлылығын арттыру (AI Native cities®ions шешімдерін, оның ішінде ТЖ мониторингінің интеллектуалды жүйелерін енгізу)
2029 жылға қарай мемлекеттік қызметтер мен әлеуметтік қолдау шараларын көрсету уақыты кемінде 50%-ға қысқаруы тиіс.
ОТК-да активтердің шамамен 70%-ы цифрлық мониторингке қосылады. Құрылыс саласында күрделі нысандардың 100%-ы цифрлық контурда сүйемелденетін болады.
Көлік және логистикада цифрландыру жүктің жөнелтушіден алушыға дейінгі барлық жолын қамтиды. Аграрлық секторда цифрлық шешімдер жерді өңдеу тиімділігін арттыруға көмектеседі. Салық салу саласында процестердің едәуір бөлігі автоматты түрде жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, билік IT-қызметтер экспортының көлемін 50%-ға арттыру міндетін қойып отыр. «Деректер орталықтарының алқабы» жобасының арқасында Қазақстанға халықаралық технологиялық компаниялар тартылады.