Echelon Alpha компаниясы мен Қазақстанның Көлік министрлігі азаматтық авиация маршруттарын оңтайландыру және рейстердің коммерциялық тиімділігін бағалау үшін цифрлық жүйе әзірледі. Бұл туралы Қазақстан Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жүйе бағыттар бойынша сұранысты талдауға, транзиттік әлеуетті болжауға және перспективалық маршруттық желіні модельдеуге мүмкіндік береді.
Echelon Alpha компаниясының құрылтайшысы Rahman Asambayev аналитикалық модель 170 тасымалдаушы есебі мен 5 жылдағы 200 млн рейс туралы деректер массиві негізінде құрылғанын мәлімдеді.
Әзірлеме келесі көрсеткіштерді ескереді:
- аймақтың макроэкономикасы
- халық саны
- тұтынушылардың қалауы
- іскерлік белсенділік
- оқиғалар күнтізбесі
Платформа ашық деректер базалары мен коммерциялық көздерден алынған ақпаратты өңдейді. Болжау дәлдігі 90% құрайды, деп қорытындылады Asambayev.
Қазақстанда коммерциялық, тұрақты, аймақтық немесе жүк тасымалдауды жүзеге асыратын 10-ға жуық жұмыс істеп тұрған авиакомпания бар. Олардың ең ірісі — Air Astana.