Қазақстан Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің басшысы Ержан Ертаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барып, электр және жылу энергетикасы нысандарының жаңа жылыту маусымына дайындығын тексерді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Ертаев Шахтинск ЖЭО-на барды, онда екі қазандық агрегатына күрделі жөндеу жүргізілуде. Одан әрі ол Саран қалалық қазандығын, Қарағанды ЖЭО-3-ті тексерді.
Жоба аяқталғаннан кейін ЖЭО-3-тің электр қуаты 140 МВт-қа, жылу қуаты 180 Гкал/сағатқа артады. Сонымен қатар, станцияда бір қазандық пен бір турбинаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Министрлік өкілі Теміртаудағы ТМ-3 жылу магистралін де аралады. Жұмысшылар ұзындығы 4,1 км желіні қайта жаңартуда.
Жылу магистралінің 60%-ында жұмыстар орындалды. Ертаев мердігер ұйымның басшысына кестеден шығып қалмау үшін құрылыс-монтаж жұмыстарының қарқынын жеделдетуді тапсырды.
Қарағанды облысына сапары барысында комитет басшысы МЭС-1-де болды. Мұнда қазандық агрегатына күрделі жөндеуді қоса алғанда, жөндеу науқаны қызу жүріп жатыр. Ол нысанды белгіленген мерзімде дайындау үшін қажетті ресурстарды жұмылдыруды бұйырды.