Павлодарлық Ақпараттық технологиялар колледжінің студенті Дарья Мельник WorldSkills халықаралық турнирінде «Өнеркәсіптік дизайн» санатында жеңімпаз атанды. Чемпионат Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтті. Бұл туралы Қазақстан Білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жарыс барысында Дарья Мельник өнеркәсіптік дизайн саласында инновациялық ойлау қабілетін және кәсіби құзыреттілігін көрсетті. Оны турнирге колледж оқытушысы Борис Григорьев дайындады.
WorldSkills чемпионатында жеңіс үшін Қырғызстан, Малайзия, Сауд Арабиясы және Қытай Халық Республикасынан қатысушылар да бақ сынасты. Мельниктің жетістігі республиканың техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің жоғары сапасын растады.
Нәтиже Қазақстанның WorldSkills қозғалысындағы әлеуетін көрсетті және қазақстандық мамандардың кәсіби шеберлігінің жоғары деңгейін растады.