Satbayev University-де кабельдік қуатпен жұмыс істейтін мультикоптер әзірленді

Тәжірибелік үлгі ауада сыналды

Satbayev University қызметкерлері ауада ұзақ уақыт жұмыс істеуге арналған кабельдік электр қуаты бар мультикоптер платформасын әзірледі. Бұл туралы Қазақстан Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

ЖОО магистранттары мен докторанттары математикалық модельді орындап, тәжірибелік үлгісін жасап, сынақ ұшуларын өткізді. Нәтижелер дронға салынған сипаттамаларды растады.

Ғалымдар сонымен қатар жоғары коммутация жиілігі және кернеуді түрлендірудің айтарлықтай коэффициенті бар инверторлық электрмен жабдықтау жүйесін әзірледі.
Қазақстан Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі

Осы жобаның арқасында ғалымдар ұшқышсыз ұшу аппараттарын одан әрі дамыту үшін маңызды ғылыми-техникалық тәжірибе мен эксперименттік деректер алды.

Мультикоптерді қайда қолдануға болады:

  • телекоммуникациялар
  • экологиялық мониторинг
  • авариялық-құтқару операциялары
  • стратегиялық объектілерді қорғау

Жобаның ғылыми жетекшісі Қырмызы Тайсариева бұл қазақстандық инженерлік ғылым мен ҰҰА технологияларын дамытудағы маңызды қадам екенін мәлімдеді. Ғалымдар платформаны жетілдіруді жоспарлап отыр.