Қызылорда облысы полиция департаменті Жедел басқару орталығының (ЖБО) қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Осы мақсатта заманауи технологиялар, соның ішінде көшедегі бақылау камераларынан бейне ағыны қолданылады, деп хабарлады Қазақстан ІІМ баспасөз қызметі.
2026 жылдың басынан бері орталықтың үйлестіруімен 58 қылмыс ашылды. ЖБО бейнебақылау камераларының көмегімен 30 мыңнан астам құқық бұзушылықтың жолы кесілді, оның ішінде 25 000-нан астамы – ЖҚЕ бұзу.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қауіпсіздік белдігін тақпай көлік жүргізген «Volga» жүргізушісіне бірнеше хаттама толтырды. Тексеру барысында оның көлігі техникалық тексеруден өтпегені анықталды.
Сонымен қатар, камералар 55 жастағы ер адамның Қызылордадағы көпқабатты үйдің кіреберісінен велосипед ұрлағанын тіркеді. Ол ізін суытпай ұсталды.
Қазақстан ІІМ қоғамдық тәртіп пен ЖҚЕ сақтауға шақырды. Ережелерді елемеу әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.