Қазақстанда AI Leaders 2026 білім беру бағдарламасы іске қосылады

Оны ірі технологиялық компаниялардың топ-менеджерлері өтеді

Қазақстанның Жасанды интеллект (ЖИ) және цифрлық даму министрлігі Stanford University Human-Centered Artificial Intelligence (HAI) және OpenAI Academy платформасының қолдауымен AI Leaders 2026 білім беру бағдарламасын ашады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Ол Орталық Еуразиядағы ЖИ саласындағы көшбасшыларды даярлауға арналған. AI Leaders 2026 академиялық жетекшісі - Stanford University HAI профессоры Питер Норвиг.

Бағдарламаның қорытындысы бойынша, Stanford University HAI сараптамасы мен OpenAI Academy технологияларына сүйене отырып, әрбір қатысушы өз ұйымы үшін қолданбалы ЖИ-стратегиясын әзірлейді.
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев

8 сәуірде live-сессия форматында басталған оқыту 30 сағаттан астам уақытты қамтиды. AI Leaders 2026-ға өңірдің ірі ұйымдарының 150-ге жуық басшысы қатысады, оның ішінде «Самұрық-Қазына», «Бәйтерек» холдингтері және Қазақстан Ұлттық банкі бар.

Курсты аяқтағаннан кейін оларға Stanford University HAI сертификаттары тапсырылады. Бұл бастама кадрларды кешенді даярлауға бағытталған, деп қорытындылады министрлік.