Перейти к содержанию

"Ақылды" қалам, медицина мен маркетингке арналған жасанды интеллект: Digital Qazaqstan Battle жеңімпаздары аталды

10 миллион теңгелік бас жүлде үшін 20 стартап күресті

Digital Qazaqstan Battle қазылар алқасы байқау қорытындысын шығарып, Қазақстанның үздік технологиялық стартаптарын атады. 20 команданың ішінен 3 жеңімпаз таңдалды, бұл туралы республиканың ЦДИАӨМ баспасөз қызметі хабарлады.

Сурет дереккөзі: ҚР ЦДИАӨМ

Жалпы жүлде қоры 19 млн теңге болатын байқауда AI, «ақылды қала», бизнес-процестерді автоматтандыру, білім беру технологиялары саласындағы әзірлеушілер бақ сынады. Сараптамалық қазылар алқасының құрамына мемлекет, инвесторлар және технологиялық қоғамдастық өкілдері кірді.

Орындар қалай бөлінді:

  • 10 млн теңгені Gro.now (1 орын, Алматы) иеленді
  • 5 млн теңгені Сortex AI (2 орын, Қызылорда) жеңіп алды
  • 3 млн теңгені AR Sana (3 орын, Астана) алды

Көрермендер көзайымы жүлдесі мен 1 млн теңгені Qalam AI (Шымкент) әзірлеушілері иеленді.

Сурет дереккөзі: ҚР ЦДИАӨМ

Gro.now – маркетингтік зерттеулер жүргізуге және нарықты талдауға арналған платформа. Cortex AI – трансплантацияланатын органның қабылданбау қаупін болжайтын жасанды интеллект құралы. AR Sana – балалардың сөйлеуін дамытуға арналған бағдарлама. Qalam AI – қағаздағы мәтінді танитын және оны мобильді қосымшаға жіберетін «ақылды» қалам.

Сурет дереккөзі: ҚР ЦДИАӨМ
Біздің жоба саланың дамуына айтарлықтай өзгерістер енгізіп, ауқымды кеңейту үшін жаңа серіктестер табуға көмектеседі деп үміттенеміз.
Айнұр Нұрадил, AR Sana бас директоры