Central Asia Programming Championship чемпионатында Тәжікстаннан келген қатысушы жеңіске жетті

Қазақстандықтар екінші және үшінші орындарды иеленді

Шымкентте Central Asia Programming Championship 2026 спорттық бағдарламалау чемпионаты өтті. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстаннан келген қатысушылар жиналды. Бұл туралы республиканың ЦДИАӨМ баспасөз қызметі хабарлады.

Бағдарламашылар ICPC форматындағы халықаралық деңгейдегі есептерді шешу арқылы өздерінің аналитикалық дағдыларын көрсетуге мүмкіндік алды. Финалда тәжікстандық Фарход Хакимйон үздік деп танылып, бірінші орынды иеленіп, 1,5 млн теңге алды. Екінші орын қазақстандық Айбар Қуанышбайға тиесілі (жүлдесі - 1 млн теңге), үздік үштікке отандасымыз Әлтайыр Ашуров та кірді (жүлдесі - 500 мың теңге).

Бұл чемпионат мені одан әрі дамуға және алгоритмдік білімді нақты жобаларда қолдануға шабыттандырады.
Фарход Хакимйон, Тәжікстаннан келген бағдарламашы

Alem.ai Foundation директоры Әдина Мағавина чемпионатқа қатысушылардың деңгейі өте жоғары болғанын айтты. Жарыс Орталық Азияның IT-таланттары арасында тәжірибе алмасу алаңына, сондай-ақ олардың құзыреттіліктерін тексеруге айналды.