2026 жылы Қазақстанда жол желісін жөндеу жалғасады. Жолдардың 8,9 мың км-ге жуығын әртүрлі жұмыс түрлерімен қамту жоспарлануда. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы басқармасының төрағасы Дархан Иманашев мәлімдеді.
- 3,4 мың км жолдың құрылысы мен реконструкциясы
- 324 км жолды күрделі жөндеу
- 5,2 мың км жолды орташа жөндеу
- 53 апатты көпір құрылысын қалпына келтіру
Ол үшін 10 млн текше метр фракциялық қиыршық тас, 210 мың тонна битум, 230 мың текше метр темірбетон бұйымдары дайындалады. Жол-құрылыс маусымы кезінде жұмысқа 25 мыңнан астам жұмысшы тартылып, 12 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылады.
Үкіметтің баспасөз қызметі ағымдағы жылы шекара маңындағы инфрақұрылымды жаңғырту жалғасатынын хабарлады. Әңгіме ЕАЭО-ның ішкі шекарасындағы өткізу пункттері туралы болып отыр. 2028 жылдың соңына дейін 37 өткізу пункті жаңартылады.