5573 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі қатардағы Ким Хен У ақпараттық портал әзірледі. Бұл туралы Қазақстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы белгілеген цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту курсы аясында ҚР ІІМ Ұлттық ұланында заманауи технологиялық шешімдер дәйекті түрде енгізілуде.
Цифрлық ресурс бөлімшенің жұмысын оңтайландырады және қызметтік процестерді автоматтандырады. Бұрын саптық алаңда айтылған маңызды ақпарат енді жаңа порталда жарияланады.
Сонымен қатар, Ким Хен У мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің психологиялық тестілеу нәтижелерін автоматты түрде өңдеу алгоритмін әзірледі. Енгізілген шешім 6 айда әскери психологтардың 500-ге жуық жұмыс сағатын үнемдеуге мүмкіндік берді.
Алматы қаласының тумасы "Ақпараттық технологиялар" бағыты бойынша білім алды және алған білімін тәжірибеде қолдануда. Ол "Срочник 2.0" бағдарламасы бойынша білім беру грантын алуды көздеп отыр.