350 мыңға жуық педагог «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы мен ЮНЕСКО-ның жобасы аясында мектептегі жасанды интеллект технологияларын пайдалану бойынша онлайн-курстан өтті. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Курс ұлттық білім беру жүйесінің ерекшеліктерін ескере отырып, халықаралық тәжірибе негізінде әзірленген.
Курсқа не кіреді:
- цифрлық құралдарды сауатты пайдалану дағдыларын қалыптастыру
- оқу материалдарын әзірлеуге үйрету
- тест тапсырмалары мен тақырыптық иллюстрациялар жасау
- сабақтарды жоспарлау
Бағдарлама педагогтар үшін ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның барлық азаматтары үшін «Өрлеу» сайтында орыс және қазақ тілдерінде қолжетімді. Курсты ыңғайлы уақытта өтуге болады, аяқталғаннан кейін сертификат беріледі.