Оралдағы түнгі клубтардың бірінде бетті тану функциясы бар бейне аналитика жүйесі іздеуде жүрген ер адамды анықтауға көмектесті. Ол туралы мәліметтер құқық қорғау органдарына келіп түсті, деп хабарлады Қазақстан ІІМ баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, жасанды интеллект технологиялары күдіктінің видеосын іздеуде жүргендер базасындағы фотосуретпен салыстырған. Жедел қызметкерлер ақпарат алып, оқиға орнына келді. Кейіннен ұсталған адамның Ақтөбе облысында алаяқтық жасады деген күдікке ілінгені анықталды.
Технологиялар қауіпсіздік үшін жұмыс істейді: цифрлық бейне аналитика полицияға жылдам, дәлірек және тиімді әрекет етуге, іздестіру жұмыстарын және жедел әрекет етуді күшейтуге мүмкіндік береді.
2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды. Батыс Қазақстан облысының полиция департаментінде азаматтардың тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін озық цифрлық шешімдер белсенді түрде енгізілуде.