Алматыдағы ғылыми көрмеде 40-тан астам инновациялық жоба ұсынылды

Іс-шараға жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары қатысты

Алматыда 40-тан астам инновациялық жоба ұсынылған ғылыми көрме өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі алқасының отырысына орайластырылған. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Көрме Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінің базасында өтті. Қатысушылар цифрлық технологиялар, жасанды интеллект (ЖИ), ауыл шаруашылығы, нанотехнологиялар, металлургия, тамақ өнеркәсібі саласындағы озық әзірлемелерді ұсынды. Олардың көпшілігі бизнес үшін қызығушылық тудырады және монетизациялануы мүмкін.

Көрме қонақтарына не көрсетілді:

  • өнеркәсіптік қалдықтар мен ЖЭО күлінен жасалған құрылыс материалдары (ҚазҰТЗУ)
  • күріш қауызынан алынған белсендірілген көмір көмегімен суды тазартудың жаңа технологиясы (Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті)

Барлық жобалар Қазақстан экономикасының өсуіне, экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және пайдалы қазбаларды ұтымды пайдалануға бағытталған.

Тақырып бойынша басқа да материалдарды оқыңыз: